22 Желт 2020
Страницы "Толыбай жалпы білім беретін орта мектебі " КММ

Мектеп туралы

«Толыбай  жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

 

Каирбаева Алтын Сандыбековна .

 Қабылдау кестесі: сейсенбі, жұма 900-1200

Жұмыс телефонның номері : 8(71347) 26-7-20.

Қысқаша өмірбаяны:

Каирбаева Алтын Сандыбековна 1983 жылы 28 қазанда Ақтөбе облысы, Комсомол селосында дүниеге келген.

2000 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетіне қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша оқуға түскен. 2003 жылы Жамбыл орта мектебіне қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналасқан. Осы жылдар аралығында Жамбыл орта мектебінде жұмыс жасай жүріп, 2005 жылы « кәсіптік жоғары білімді филолог, қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы» деген мамандық алған.2019 жылы Толыбай жалпы орта білім беретін мектебінде оқу ісінің меңгерушісі болған. 2019 жылыдың 19 қарашасынан бастап Толыбай жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне тағайындалған.

Марапатталуы:

2015жыл «Жаңа білім бағдарламалары, инновациялық және құзыреттілік тәсілдемесі-табысты мектепке қадамдар» атты педагогикалық кеңесте жақсы баяндама жасағаны үшін. Алғыс хат

2018жыл білім бөлімінің басшысының атынан Алғыс хат

2018жыл. Жетекші және серіктес мектептер арасында өткен «Критиалды бағалау-педагогикалық қуатты құрал» атты семинарына белсене қатысқаны үшін. Мадақтама

2018жыл. Қазақ тілі пәні мұғалімдері арасында өткен облыстық пәндік олимпиадада ІІІ-дәрежелі диплом

2018жыл. Ақтөбе облысының білім беру саласындағы тынымсыз шығармашылық еңбегі және өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі қол жеткізген табыстары үшін берілді. Облысық Асхыс хат.

2018жыл. Жас ұрпаққа өнер мен сапалы білім беру жүйесіндегі шығармашылық еңбегі үшін. «Темірқазық-Ақтөбе». Облыстық Алғыс хат

2018жыл. Ү Республикалық «Ясауи» пәндік олимпиадасында оқушыларыңыздың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін шыңдап белсене қатысқаны үшін. Республикалық Алғыс хат

2019жыл. «Жаңартылған мазмұнды білім беру бағдарламасы аясында кретиалды бағалау жүйесінің ерекшеліктері» облыстық оқыту семинарына қатысқаны үшін. Облыстық Сертификат

2019жыл. Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойы қарсаңында, «Жастар» жылындағы Отан қорғаушылар күніне арналған «Менің Отаным- Қазақстан» туристік-экспедициялық жасақтары слетінің облыстық кезеңінде «Өлкетану» бағыты бойынша ІІ-орын

 

Қабылдау кестесі : Сәрсенбі 900-1300

Диханбаева Гульнар Адиловна –оқу ісі жөніндегі орынбасары.

Жұмыс телефонның номері : 8(71347)26-7-53

Оразбаев Серик Еламанұлы-тәрбие ісінің орынбасары.

Жұмыс телефонның номері : 8(71347)26-7-53

Солтан Азиза Нурайымқызы-медбике.

Мұғалімдер саны:  27

Оқушылар саны: 62

Асхананың болуы: бар

Арнайы кабинеттер: физика, биология, кітапхана

Спорттық секциялар: тоғызқұмалақ,шахмат, күрес, теннис.

 

Мектеп тарихы.

Толыбай ауылы 1984 жылы құрылды.

Толыбай жалпы орта білім беретін мектебі 1989 жылы іске қосылған мемлекеттік мекеме.Сырты кесекпен қаланған,саманнан салынған ғимарат.Биыл 2020-2021 оқу жылында мектепте ағымдағы жөндеу өткізілді Соңғы рет 2010 жылы өткізілді.

Мектептің марапатталуы:

2015  Қазақ хандығының 550 жылдығына орай  – аудандық, Алғыс хат 

2016  Қазақ ұлттық аграрлық университеті – Алғыс хат

2018   Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өнірлік университеті Алғыс хат